24 Сәу 2021
Страницы Алмалы орта мектебі

Қамқоршылық кеңес

Аты Жүктеу
1 Хаттама №4  pdf
2 Хаттама №2а pdf
3 Хаттама №5 pdf
4 Хаттама №6 pdf

 


Бекітемін:

Аудандық білім бөлімі

басшысының міндетін

атқарушы Г.Неталиева

___________________

«__»________  2018 ж.

 

 

2018 – 2019 оқу жылында Алмалы орта мектебі бойынша құрылған

 «Қамқоршылық кеңес» мүшелері:

 

1.Сахиев Айболат – кеңес төрағасы, Мәдениет үйінің сазгері, жеке кәсіпкер.

2.Досмагулова Гүлайым – кеңес хатшысы, аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы.


3.Алла Жакиева – кеңес мүшесі, Мәдениет үйінің меңгерушісі.


4.Алматова Райла – кеңес мүшесі, Алмалы ауылдық емханасының бас дәрігері.


5.Мажитова Гүлнар- кеңес хатшысы, ата – ана.


6.Онбаева Бағыт – кеңес мүшесі, ата – ана.


7.Ахуразов Ануарбек – кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер.


8.Шарипова Ақмарал – кеңес мүшесі, ата –ана.


9.Оразақова Ақмарал – кеңес мүшесі, ата – ана.

 

Хаттама №1

Алмалы орта мектебі 15 қазан 2018 жыл

 

Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңестің құрамын қайта қарау және аудандық білім беру басшысымен бекіту.

 

Тыңдалды:

Алмалы орта мектебінің директоры Г.Аухадиева:

             - Құрметті ата – аналар, мектеп мүғалімері және қамқоршылық кеңестің мүшелері! Былтырғы оқу жылынан бастап мектебімізде қамқоршылық кеңесін құрылған болатын. Қамқоршылық кеңестің басты мақсаты – мектепке қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамтамасыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септігін тигізу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Қамқоршылық кеңестері – қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдардың ерікті негізінде біріктіретін мемлекетті емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңесі – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, мектептің, ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы.

Кеңес төрағасы Сахиев А.

              - Қамқоршылық кеңес мектептің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс- шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсартуға жұмыстанады. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізетіндігі бәрімізге мәлім.

Осы уақытқа дейін қамқоршылық кеңестің төрағасы қызметін атқардым. Дегенмен кеңес жұмысы дұрыс жүргізілмеді. Қыркүйек айының басында өткізілген ата – аналар жиналысында кеңес құрамы қайта қаралып, төрағалық қызметін менде қалдырған болатын. Кеңес құрамын сол жиында ұсынылған адамдармен қайта құруды ұсынамын.

Мектеп деректорының және кеңес төрағасының хабарламасын тыңдай келе

 

Қаулы етті:

  1. Қамқоршылық кеңестін құрамы қайта қаралып, төрағасы мен мүшелері аудандық білім бөлімі басшысымен бекітілсін және жұмысы жоспарлы түрде жалғасын тапсын.
  2. Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің байланысын жақсарту мақсатында кеңеспен жұмыс жүргізу мектептің әлеуметтік педагогы М.Бигазиеваға міндеттелсін.

 

Мектеп директоры                                                                                                  Г.Аухадиева